Posted in

КӨҢІЛІ ШАЙЛЫҚТЫ

Бойын үрей биледі, түңілді. ~ Отыз-қырық жан бөлісті елдегі бар байлықты. Басшысымақ ұрылардан ел көңілі шайлықты. О, керемет, олар тағы жемқорлықпен күреспек, Жемқор – өзі, сонда қалай өз-өзімен тіреспек? М.Шах. ~ Күресте Моңғолдың қоңыраулы палуаны басқа ұлттардан күрескендерді қирата жығып, кезек қазаққа келгенде, қазақтың сарқарын палуандарының көңілі шайлығып шетінен тайсақтай беріпті. Ж.Шәк. ~ Оның көзсіз зорлығынан ғасыр көңілі шайлықты. Ал, РУХАНИ ЕГЕМЕНДІК – халқымыздың арманы, Елдік, ұлттық мүддеміздің сүйеніші, қорғаны. М.Шах. ~