Posted in

КӨҢІЛІН КӨНШІТТІ

Риза қылды, ойынан шықты, ләззат берді. ~ “… Енді көркем шығармаларды негізінен әдебиет маңында жүргендер оқитын болғандықтан, олар мамандардың көңілін көншітетін деңгейде жазылуы керек. Т.Әс. ~ Өзі де тәшкі айдаймын деп белден шойырылған. Тұзға түсіп әзер айыққандай болды. Оның үстіне жатақ болып жан бағу көңілін көншітпеді. Ү.Жәл. ~ Енді саған жар төсегі де бұрынғыдай көңіл көншітпей, деміне бетің тиіп, бір көрпе астында жатқан әйеліңді
құшақтауға жасқанып, тәтті ұй- қысын бұзып алармын деп бой тартасың. Ө.Кәр.