Posted in

КӨҢІЛІН ҚИМАДЫ

Ренжіткісі келмеді, сыйлады, көңіліне қарады. ~ Менің тұспалдап айтқан сөзіме құлақ қоймайды, көпшілік енді не айтасыңдар? Ойланып, толғанып кеңесіп бір жерден сөз, бір жеңнен қол шығарайық. Бүгін Абайдың көңілін қимай сайласаңдар, ертең құтыла алмайсыңдар. Ә.Кәкіт. ~ Мен Гүлзаттың көңілін қимай, жанымды сипалап бір тас тауып алдым да, лақтырып жібердім. Ол да сол маңайға барып түсті. Қ.Қази. * Ағаштың тамырындай сіңірлі саусақтарымен кәмпиттің
құндағын ебедейсіз ашқан Сүкең тісіне басты: кәмпитсірегені шамалы, күйеу баланың көңілін қимады. М.Қаб. ~ Баянның жүрегіне біреу қанжар сұғып алғандай болды. Жайшылықтағы әдетіне салып, «ала қой» дей алмады. «Жоқ, бұл жолғы сұрағаныңды бере алмаймын» деуге інісінің көңілін тағы қимады. Аузына сөз түспей көп тұрды. І.Ес.