Ойында еш арамдық жоқ, пейілі таза. ~ Бірақ амал не, әлде бақыт, әлде сор — Сыпатай мырзаның көңілінде көлеңке жоқ, асық жілік ұстап, туған ұл атанған, оң жақтағы жесір келінімен некесі қиылған Стамбек ат тізгінін аулаққа бұрса, бұл — ақсақал үшін өліммен тең болар еді. М.Мағ. ~ Бұған оң шырай танытқан Дәулеткерей: «Уа, ағайын, сөзіме құлақ сал! — депті. — Түркімен ағайынның көңілінде көлеңке жоқ екен. ҚАӘ. “Көрұғлы”.
КӨҢІЛІНДЕ ҚЫЛАУ ЖОҚ
Пейілі таза, ниеті түзу. ~ Жөнелтіп анда-мында шабарманды, Осылай жалпақ елге хабарланды. Тап-таза көңілінде қылауы жоқ, Аңдаусыз қара халық тағы алданды. С.Тұрғ. ~ Мұқанның бұған деген көңілінде қылау жоқ, қалтқысыз ақ, адал еді. Ш.Бей. ~ Асыр сап арсалаңдап көк майсаны ұзақ шиырлады екеуi. Көңiлiнде қылау жоқ, жалаң аяқ жүгiрген алаңсыз сәбиге айналып кеткендей. Т.Сәу.
КӨҢІЛІНДЕ ҚАҚ ЖОҚ
Біреуге сақтаған кегі, өкпесі жоқ. ~ Бұлардың көңілінде қақ жоқ дегенім —жетпегенім болар. Қанша алты аяқ, ақ күміске малынып, асып-тасып отырса да Шалматай қажы қатқан сірі ғой. І.Жанс.
