Ниеті бұзылды, нәпсісі оянып, ашкөзденді. * Әйел көңіліне желік кірсе, әлдекіммен әуейіленсе тірек тапқаны, «сенің базарың тарқап», қызығың таусылғаны. М.Сүн. * Нұрәлінің сәнденуі де, жасара бастауы да кездейсоқ тегін құбылыс емес-ті. Кәрі көңілін кеулеп, есірік – желік кіре бастаған. Б.Соқп. * Құрысын, көңілге желік кірмегей, көңіліне желік кірген қай ұрғашы сыртқа шыққысы кеп алып-ұшып тұрған сайқал сезімді жұрт көзінен жасыруға шамасы келіп еді? Ә.Нұрп. * Отқа жанған бозқарағаннан төңірек-маңайға әтір иісі аңқитын. Соғыстан кейінгі жесір әйелдердің көңіліне желік кіргізетін. Ө.Ахм. * Өзіме де ренжимін. Елден адам таппағандай… Ауылда жүрген жігіт — желең аз ба еді, қатар — құрбымнан асамын деп көкірегіме желік кіріп, қиырдағы жігіттің етегіне жармасып. Т.Ахт.
