Жанын жаралады, уайымға батырды. * Оның үстіне әкесінің ескі тамыры Метрей шал мен жаңа ғана гүл жарып келе жатқан Алланың да көңіліне қаяу салмау керек. Б.Тоғ. Бетінен алып, көңіліне қаяу салып, оңдырмай сынады. Ш.Бей. * Тағдырдың талай тауқыметін, тіршіліктің көңілге қаяу салар көлеңкесін өлеңге арқау еткенде, ақын оған ашынудан гөрі, не қаһар төгіп айтудан гөрі, сәби маңдайын сипап отырып, кемшілігін мойындатқандай сезіммен төгіліп, елжірей жазады. Ш.Сари. * Қазір орынсыз болар. Жолға аттанып бара жатқанынызда ұсақ-түйек әңгімемен көңіліңізге қаяу салармын. Д.Ис. * Не бiр мiндет, не бiр өтiрiк қылымсу дегендi бiлмейтiн Анар Кенжеғұл көңiлiне бұл сәтке дейiн зәредей қаяу түсiрген емес. Р.Рай. * Күйеуі жаңа өлген жесір әйелдің жаралы жүрегіне, қаралы көңіліне қаяу түсіріп алар ма екенмін деп те қауіптенді. Ғ.Біл.
КӨҢІЛІНЕ ҚАЯУ ТҮСТІ (КІРДІ)
Ұнжырғасы түсті; қапа болды; жүрегінде өкпе қалды. * Алайда, тілекші болғаннан басқа біздің қолдан не келеді? Әрине, жетті, алды. Бірақ көңіліне қаяу түсті ғой. И.Әсем. * … бас пайда қуып келген жұрттас жұрағаттарының обыр тойымсыздығы, сенімділік жақтағы тұрлаусыздығы көңіліне қаяу түсірген болатын. Ғ.Біл. * Күйеуі жаңа өлген жесір әйелдің жаралы жүрегіне, қаралы көңіліне қаяу түсіріп алам ба деп те қауіптенді. Ғ.Біл. * Алғашында аңғал батыр ештеңе ойламаған, күндердің күні сәлем берген дос-жаран, жүгініске келгем адамдардың көзінен бір сөніп, бір жанған жымысқы отты көріп, көңіліне қаяу кірді. М.Қаб.
