Posted in

КӨПКЕ ТОПЫРАҚ ШАШТЫ

Ел атына кір келтірді, көпшілікке қарсы шықты. ~ Қанша қатыгез дегенмен Қаражігіт те қанішер емес еді. Көп назары оның да ашуын тізгіндеп, арынын тежеп тастағандай. «Өлтірем» дегенмен көпке топырақ шаша алмады. Ү.Жәл. ~ Қанша айтқанымен сырттан келгеннің аты сырттан келген ғой? Бірер бала тиіссе ғой мейлі, қаптап тиіскенде көпке қалай топырақ шашсын. Б.Жұм. ~ Сонымен қанша зәрін шашып, кәрін төгіп келсе де, шеріктер көпке топырақ шаша алған жоқ. Ж.Ахм. ~ Жарайды, үрейленбей істей беріңдер. Біз бәріміз сендерді қолдаймыз, осы көпке топырақ шашар ма екен, – деп Жанқия апай Анна Ивановнаға қарады. Ә.Сәр. ~ Бағынышты құлдарда болатын жағымпаздық, сатқындық, жікшілдік, рушылдық сияқты
жағымсыз мінездер оларда да жетіп артылады» деген тектес көпке топырақ шашқан жолдар өзіне қарсы дауды өршітіп жіберді. Ж.Шәк. ~ Арнаңнан асып-таспа — Төгіліп қаласың. Көпке топырақ шашпа — Көміліп қаласың!.. И.Сап.