Posted in

КӨПТІ (КӨП) КӨРГЕН

Өмірдің ыстық-суығын, жақсы-жаманын басынан өткерген адам. ~ Көпті көрген құйма құлақ әйел еркектердің сөзін шашау жіберместен көңіліне тоқып болса керек: — Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! —деді бір кезде,— сөзден іш толды, құлақ сарсыды. Ғ.Мұст. ~ Көпті көрген ақ басты ана беті шалбарланып, қабағына кейістік жиып, жанары боталап алысқа, алақанат қарлы көкжиекке көз жіберіп, түйіліп сәл ойлана қалды… С.Ел. ~ Көпті көрген, кісі танитын кәрі тарланның көзі сол жолы нәсілі неміс жас офицер Карл Миллерге түседі. С.Ақт. * Бірақ осы жалығу деген әрнені көрем деген, көп көрген, дәмін, бағасын, бәрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады. Абай.