Көрмегені жоқ, талай қиындықты басынан өткерген адам туралы. ~ Оның айтуынша, мешелді көпті көрген, көнекті тескен, мол тәжірибелі адамдардан бата алып, дем салдырып та емдеген. БАҚ. ~ Балаға қойылатын атты сондай-ақ, ауылдағы көпті көрген, көнекті тескен ауыл ақсақалдары немесе ауыл анаарының біріне тапсырады. БАҚ. ( Ж.П.”)
КӨПТІ КӨРІП, КӨНЕКТЕН ӨТКЕН
Көрген-білгені, басынан өткергені көп, көне көз, тісқақты адам д.м. ~ Содан ол бүк түсіп, ішігін жамылып, төсегінде теріс қарап жылап жатқанында, көпті көріп, көнектен өткен ісмер бәйбіше олжалы боп, жүйрік торыны салақтап жайдақ мініп. ауылға оралды… Т.Әл. ~ Нұрша «көпті көрген, көнектен өткен» дегендейін, талай жерді шарлаған тарлан болып шықты. Т.Әл. ~ Мүсірәлі көпті керіп, көнектен өткен көкжал да. Мырзаш әскерде шыныққан, шымыр, жас талапкер. Т.Әл.
