Өзгеріп кетті, бұзылды, райынан тайды. * Сол кезде Жакен дейтін біреу ауылнай болды. Кедейдің баласы еді. Бірақ, оңбаған шіркін, сайланып алған соң, көпшігі қисайып кетті. Кедей намысын аяққа басып, аталық жолына тартты. Б.Майл. ~ Ақылбек өлердей бір беткей, тымырық адам ғой деп түйді Раушан. Көпшігі қисайып кетпей тұрғанда ептеп- септеп көңілін аулай беру керек. Əйтпесе ертең қызыл көз бəле арқасына қол тигізбей ойқастап кетсе… Н.Кел.
