Posted in

КӨР КЕУДЕ

Ештеңенің байыбына бара білмейтін, тоғышар, түсінігі тар, құр мақтаншақ, елірме. ~ “…боп келген, көр кеуде, барынша топас, жыртқыш, өздері медресе мен мешіттен шыққан, тағы бір қанқұмар Қорабайлар осылар еді. М.Әу. ~ Шiркiн, ғайыптың күшiмен заман өзгерiп, ұлы ақынның рухы асқақтап тарих сахнасынан өршiл үнiмен саңқылдайтындай күн туа қалса, … “Ол дегенiң ұлы ғой, данышпан ғой! Ол дегенiң пәлен ғой, түген ғой!!!» деп бұлбұлдай сайрап шыға келер едi-ау! Т.Сәук. ~ Бабаларым, Рақмет сендерге Балаларым болмасын деп көр-кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде. М.Мақ.