Көргені — қорлық, қиындық д.м. ~ Катерина Ивановнаның көрген күні күн емес — тек қана қасірет, Настя, міне төртінші жылдың жүзі болды, келмейді — ендеше анасын ұмытқаны, ал Катерина Ивановнаның күні санаулы. К.Пауст. ~ Бірақ, шындығын айтайын,мен ұл өсіріп келін алған, қыз ұзатып, немерелі болып отырған ана болсам да, ғұмырымда тап мынандай безбүйрек, аяусыз жанды көрсем көзім шықсын. Қызыңыздың көрген күні күн емес. Теміртас екі күн сау болса, бір күн мас. АҚ “Әкем болса…” * Болмай бара жатса, өктемдік көрсетеді, өлтіріп те кетеді. Абырой болғанда не істеп, не қойса да адамсыз адамның көрген күні қараң. Н.Дәу.
