Болған-болмағаны дүдамал; көзді ашып-жұмғанша өте шыққан көрініс (уақыт, өмір) туралы. ~ «Поезға кешігіп қаламын. Такси күтіп тұр. Кейін естисіз. Қош болыңыз!» — деді жау қуғандай. Мен протез жағымды ашып-жауып жөн сұрағанша, көрген түстей жоқ болды сайтанның қызы. М.Қаб. ~ Кеудесіне нан пысатын қайран отты дәурен! Жүрекке салқындық тастап, көрген түстей өте шығыпты-ау! Кезекті дүние деген осы шығар? Т.Рыс.
КӨРГЕН ТҮСТЕЙ, САҒЫМДАЙ
Зымырап өте шыққан ерекше көрініс, оқиға хақында. * Кіші Беркли Дональдтың қолына ақша қыстырды, қоштасудың ырымын жасады, газды басты, лезде көрген түстей, сағымдай жоқ болды. М.Қаб. * Қайырылмас қайран сол бір күндер! Бәрі де бір күнгідей болмай, көрген түстей, сағымдай өтті-кетті. Ш.Айт. * Ал енді сен маған осы қазір қайыра шылдырлат, мен – ескі депутатпын, маған ақша проблема бола бастады, сен – жаңа депутатсың, саған ақша проблема болмайды, давай шылдырлат!» деді де, жоқ болды, «… көрген түстей, сағымдай». Ғ.Қаб.
