Posted in

КӨРДЕЙ ҚОРҚЫНЫШТЫ (ҮРЕЙЛІ)

Адамның зәресін ұшыратын үрейлі жағдай, көрініс туралы. ~ Жүрегiмдi сиқырлы саз әлдилейтiн. Ендi түк те қалған жоқ. Дүние сүреңсiз, тiптен жиренiштi. Бос қуыс, көрдей қорқынышты түнек қана бар… Ж.Шағ. ~ Қараңғы дәліз — қараңғы көрдей үрейлі, айдың қызыл сәулесі сәл ғана айқындай түскен сол жақ бұрыштағы әктелген пеш аузын ашып ұмтыла берген айдаһардай әсер етті. Ә.Тар.