Әлі жасар жасы, сүрер өмірі бар екен д.м. ~ Бізді қоқыс төгетін шұңқырға малдың өлексесін тастағандай төңкере салды. Көрер жарығым бар екен, өзің білесің, күн суық болды ғой. Үйге әрең жеттім. АҚ (“Сексеуіл”). ~ Дәм– тұзым таусылып тұрса, «Құрдасымның көзі еді» деп мінерсің, көрер жарығым бар болса, «Достығымның белгісі деп сыйлап еді» дерсің. К.Сег. ~ Дауаң табылмай жаман жолға түсіп кетер ме екенсің, Сәпентайым?! Сен ше, композ? Сенің көрер жарығың бар ма екен?» Қ.Түм. * Ол баланы өлімнен алып қалған мен емеспін, – деді Қайырболды, – Көресі жарығы бар деген сөз. Одан кейін, ол, дәрігерлердің еңбегі. Т.Әс.
