Небір қиындықтарға тап болды, қатты қиналды. ~ Ағайын ұлтаны теңіздің батыс жағында жатқан соң бүгінгі күні тума-туысқан іздеп, бір түйе, бір аттың әуенімен көшіп келеді. Жас баламен ыссыда көшем деп көресіні көрді. Ә.Нұрп. ~ Бекназар! Масқара болдың ба? – деп шулайды Талас. – Сақал-шашың аппақ қудай болғанда өз балаңнан көрдің-ау көресіні. Мазақ қып кетті-ау. Ш.Айт. ~ Ақан көресіні Сағидан көрді. Оның білетіні — тартып алу. М.Қаб. ~ Топ қатты сиреп, азайып қалған. Ұзын санын санағанда он үш кісі тұтқынға түсіпті. Жиырмадан аса ат қалыпты. Мінгескен-ұштасқандар анық қашқылық-қуғылық көрген, сүргін жеген, есі қашқан күйде екен. Аман қалып, қазір ат үстінде басы қалқиып тұрғандардың өзінің де көресіні көрмегені жоқ. М.Әу.
