Орын алды, іске асты. ~ Тәрізі, әуелде өжеттеу екі-үшеуі талғажау сұрады, бұдан соң жаппай қайыр. Бұл оқиға менің «Тас-судан өткен қашқындар» деген әңгімемде көрініс тапқан еді. М.Мағ. ~ Батыс жұртшылығы күнделікті қарбаласта жүріп мүлде дерлік өлең оқымайды. Біз тарапта бұл құбылыс арагідік бұқаралық сипатта көрініс табуының өзі аз да болса, көңілге медет. Т.Жақ. * Бірі келіп қуанып, бірі кетіп мұңайтып жатқан сан түрлі тағдырлар, қауышып не қоштасып жатқан бейтаныс адамдардың өмірінің бір сәті осы вокзалда көрініс тапқандай. А.Әлт.
