Posted in

КӨРІП АЛАЙЫН

Неге де болса дайынмын, қолыңнан келген жамандығыңды істеп қал д.м. * Енді не болса да осыған бой ұсынбай дегенімде тұрып, келген кер болса көріп алайын деп еді. М.Әу. * — Енді не болса да осыған бой ұсынбай дегенімде тұрып, келген кер болса көріп алайын деп еді. Ғ.Мүс .

  • Сонда Дәулеткелді “ендеше, көріп алайын” дейді де, әуелі ағузыны қатты бастап қалып, аяқ жағын міңгірлеп бітіріп, қол қусырып алхамдүні айтарда дауыстап тұрып … М.Әу. * Көзі — Зарыпта, Зарыптың қолындағы бел орақта: «Ал, істей ғой істейтініңді, көріп алайын!» деген адамның кескіні. Б.Майл. * Сонан қалың елді ілгері өткізіп жіберіп, ендігі зауал батыстан келер болса оны да көріп алайын деп дәл осы шаттың аузына, ту сыртын Көтенсайға бере қоныс теуіпті. Қ.Ысқ.