Қуанышты, шат, жайма-шуақ рай. ~ Бірақ не пайда, саусақ арасынан сусып төгілген құмдай уысындағы үміт ұстатпай әлек, көтеріңкі көңіл қанша талпынса да, қалықтап ұшып кете алмайды. С.См. ~ Адамның көтеріңкі көңіл-күйі — ұрыста ең айбарлы қару. Б.Мом. ~ Сайлау учаскесінен көргеніміз, халық көптеп жиналып жатыр. Бәрінің көңіл күйлері көтеріңкі, болашаққа деген үміттері мол. БАҚ.
