Posted in

КӨШЕЛІ КІСІ (АДАМ)

Көргенді, саналы, ақылы толысқан адам. * Неге десеңіз, «Бозінген» от басының әйелі емес, бір болыс елдегі әңгімені үйде отырып біліп отыратын, еркектердің партиясына да, дау-шарына да кірісіп кететін, сақ құлақ, еті тірі көшелі кісі ғой. Ж.Айм. * Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып: – Өзі, тіпті, көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға: – Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам! – деді. М.Әу. * Жазығы – шонжар екендігі ғана. Әйтпесе, көпті көрген, көпті білетін көшелі адам секілді. О.Бөк. * Апай, рақмет! Мен қайтайын! — Түзеліп отырып төрт сөзбен төбеден түйіп айтты. Әзима апай да көшелі кісі ғой, ары қарай қыстамады. Қысқа қайырды. М.Қаб.