Posted in

КӨШКЕ БЕРГЕН ТАЙЛАҒЫҢДЫ (ТАЙЫҢДЫ) ҚАЙТЫП АЛ

Құнданба, тіпті болмаса, қолынан келгеніңді істе д.м. сес көрсету. ~ Беке, сабыр етіңіз, – деді біреуі, – сәскеге дейін тосалық. ― Келмесе мейлі! Көшке берген тайлағын қайтып алсын! Жә, бастай беріңдер! Жауабын өзім берем. Б.Тоғ. ~ «Жазғырса жазғырсын, көнсеңдер – осы! Бұл жұртпен бұдан былай ағайындықтың ақ туын ұстап араласармыз. Көнбесеңдер, «Көшке берген тайларыңды алып», iргелерiңдi аулағырақ саларсыңдар», деп ойлаған ол. К.Сег. ~ ─ Әй, Аралбай! Айтарыңды айттың ғой, көп сөздің керегі не? Өкпелесең, көшке берген тайыңды қайтып ал; Болмайды екен, басымызға тыныштық бер. Маған десең жарылып кет. Жалғыз қыздың билігін бермейміз саған. Сатыбайдың жынды баласына бергенше, Қанипаны жер алсын… С.Ом.