Posted in

КҮДЕРІ БЕЛ, КҮПШЕК САН

Белі мықты, алыс жолға жарамды арғымақ ат хақында. ~ Күдері бел, күпшек сан. Бедеу атқа мінген жер. Аузы түкті кәуірді. Ерлерім айдап келген жер, Қысырақтай бөлген жер. М.Мөң. ~ Түнеріпті түсіміз, Түн ұйқысын бөлгендей, Беу, қабағымыз қатыпты, Күдері бел, күпшек сан, Үдете жортып желгендей, Уа беу, көңілге күйік атыпты… М.Әу. ~ Кіндік кесіп, кір жуып, Мекен еткен жерлерің. Ауданы алыс сол жерде Күдері бел, күпшек сан Арғымақ аттар үстінде Үдері жортқан ерлерің. Ғ.Қар. ~ Кербесті, күпшек санды, күдері бел, Құйғытсам, кекіліңді түреді жел. Көп ешкім тұрпатыңа көз салмайды, Тұлпардан үзгені ме күдерін ел? Н.Айт.