Posted in

КҮДЕРІН ҮЗБЕДІ

Сенім, үмітінен әлі айрылған жоқ. ~ Мұнша сорлы қалғандай неңді алдым? Бүйтіп қор еткенше жаратпасаң етті! Қырсықтан көзімді ашатын күнің бар ма? Жоқ па?..» деп зарлаушы еді. Сонда да оқудан күдерін үзбеді, өйткені түсінде оқып жүретін еді. ~ Сапақ байғұс ана ауыл, мына ауылға шапқылап-шапқылап ешкім қызын бермеген соң, күдер үзіп қойды деп еді. Әкесі күдер үзгенмен бұл неме күдерін әлі үзбепті. Мынадай жойқын топта жол тиіп, бәйге қолыма түседі деп жүрген дәмесін қара шіркіннің. Не қырар дейсің, түссе түссін. Қасындағы жігіттерге бұны да қоса салыңдар деп ымдады. Ә.Кек.