Күмәні өсті, сезіктенуі арта түсті. ~ Барқы мына елшілік сапарының бел сындырар таудай салмағы барын енді-енді сезе бастағанда, көңілдегі күдігі одан сайын қоюланды. С.См. ~ «Ай, осы дәу де болса Сейсеннен бір кінарат келген шығар» деген күдігі сәт сайын қоюлана түсті. Ә.Асқ. ~ Философия гректің «филео» – сүйемін, «софия» – даналық деген екі сөзінен шыққан деп студенттерді оқытып келдік, әлі де айтудамыз және оны тұңғыш айтқан Пифагор дейміз. Кім білсін? Солай ма, жоқ па, әйтеуір айтып, жазып келеміз. Енді күдік қоюланды. Ғ.Ес.
