Posted in

ӨЗІМ ӨЗ БОЛҒАЛЫ

Есімді білгелі д.м. ~ Кірмегенім қара жер, өзім өз болғалы еңсем мұндай түсіп көрмеген шығар. Б.Соқ. ~ Сонымен, шынымен-ақ аққұлаға шыққаным ба? Өзім өз болғалы көзім ауырып көрген жан емес едім, мұнысы ғажап екен. Тағы қандай дәрі іш дейді? Т.Бер.  ~  Бұл кеңесті оның бастаған себебі сол. — Апа! — деді Балуан. — Әу, құлыным! — Өзім өз болып, ес біліп, етек жапқалы мен сізді ренжіткен жоқ шығармын. — Жоқ, қарашығым! — Әлі де ренжіткім келмейді. С.Мұқ. ~ Бойымда өзім өз болып, бұрын мүлде парлап көрмеген тентек бір күш тасып, түйреп те лақтырдым, іліп те лақтырдым, тіпті кейбіреуіне найзамның тигентимегенін де анық біле алмаймын.  Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *