Posted in

ӨЗІМ ЖЕМЕЙТІН КӨТЕН БОҒЫМЕН ПІССІН

Маған пайдасы жоқ болғасын, не болса о болсын. ~ — Ау, кім сайланбақшы болыпты, білесіңдер ме? — Уай, мейлі, әйтеуір біреуі сайланар. “Өзімізге жоқ көтен боғымен піссін”, Бізге сол болыстығынан да бірер аяқтан қымыз берсе екен. Қашанғыдан бұрын таңдайымыз кеуіп болды… Б.Майл. ~ Бiр-бiрiмен сарт-сұрт сүзiскен қошқарлардың әрқайсысы Бiрiншiлiктен дәмелi едi. Кремльдегi көкелер қабақ танытпаған соң “өзiм жемейтiн көтен боғымен пiссiн” дестi. Т.Сәу. ~ Әкесі марқұм “тоғышардан мысық тілеу туады” деуші еді. Көлкөсір дәулет ағып жатқан заманда қайыршылықтың күйкі тірлігі басынан кетпегенге не деуге болады? “Өзім жемеген көтен боғымен піссін” деген принциптің бүгінгі таңның диплом құшақтаған азаматтарының бойынан табылуын “ол былай еді” деп кімге түсіндірерсің. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *