Posted in

ӨЗІМДЕ ДЕ БАР

Менің де кінәм жоқ емес д.м. * Санап тұрсам, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай үш адам сүйдепті.  Әй, өзімде де бар. Оңтайлы тесік болса, тұмсықты сұғып алғым кеп тұратыны рас. М.Қаб. * Құдауәнда, жалғыз қараның жәппелдемеде жортқан аң құрлы көрмей жотамнан көздегені шымбайға батады – ау.  Әй, өзімде де бар.  Жапан түз, жалпақ даладан бірлі-жарым өткен-кеткенді жез телпегін бөздей қылып талай бездіріп жібермедім бе.  С.Смат. * Қай жерде көңілін қалдырдым екен? Неге маған біртүрлі қарайтын болып жүр? Тым сезіктене берсе, онда екеуміздің бір-бірімізге деген қадірімізден не қалады? Өзімде де бар. Көп нәрсені жасырам одан. Білдірмеуге тырысам. С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *