Posted in

КҮЙЕК БАЙЛАҒАН (ТОҚТЫ) ҚОШҚАРДАЙ

Құр кіжіңдеу, қыдыңдау хақында. (Қойды мезгілінен бұрын қашырмау үшін қошқардың беліне киіз байлайды.) ~ «Тоқтат, отыр!» деп көзіңді алитпа, Ықсан, қорқағың біз емес. Өз қатыныңа ие бол. Наурыздың қатынынан дәнеңе шығара алмағансын, күйек байлаған қошқардай тап-тап бересің ғой. Байқа!.. М.Сүн. ~ Онымен тізелес отырған, ұзын шапанды, таңқы мұрт, жұмулы көзін ашпастан, «иә хақ» дегенде, безгегі ұстағандай селкілдейді. Күйек байлаған тоқты қошқардай қыдыңдап киіз сумкелі біреулер жүр. Омырауларына қадаған алақандай жезі бар, босаға жақтағы екі жігіт төрге қарап, қағымпаз тазыдай жалақ-жалақ етеді. Ғ.Мұст.