Posted in

КҮЛ-ТАЛҚАНЫ ШЫҚТЫ (КҮЛ-ТАЛҚАН БОЛДЫ)

Ойсырай жеңілді; быт-шыты шықты. ~ Сол екі арада екінші сақинаның ортасына түскен жау әскерінің де күл-талқаны шықты. Ә.Кек. ~ Бүкіл бала қиял, әлдебір үміт күл-талқаны шықты. Үлкен кісілер де алдайды екен-ау деп түңілдім. Ш.Мұрт. ~ Күл-талқан болған денеден жалғыз шынашақ саусағы ғана табылыпты. Сол саусақ Әулие — Ата күмбезінің жанына көмілген. Ш.Мұрт.