Posted in

КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ БОЛДЫ

Армансыз күлді. ~ Кəне, əкетпегені? Кəне, əкетпегені? Əпкел шақшаны! – деп жігіттер дауласты. Отырған жұрт тағы күлкіге қарық болды. Ж.Айм. ~ Мен мәзбін, күлкіге қарық болып жатырмын… Б.Соқ.

КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ (КЕНЕЛТТІ)

Ішек-сілесін қатырып күлдірді. ~ Өмірқұл лаққыға Бәлдір қосылып, жұртты күлкіге қарық қылды. З.Шүк. ~ Дон Кихоттың сандырағы секілді, шаштараздың осынау шатты-бұтты пәтуасыз сөзі де жұртты күлкіге кенелтті. Серв.