Сезік. ~ Ерғазыға ол Ермағамбеттің сөзін тегіс айтып беріпті. Тек қолының жарасы жөніндегі оның күмәнді ойын жасырып қалған. Жолдасын жамандыққа қимағандықтан, онсыз да жүдеп жүрген көңілін несіне қинай түсем деп ойлаған. І.Ес. ~ Ерғазыдан күдіктене бастаған Күнтуар: «Япырым – ай, бұл қалай, расыменен менің қолжазбам қолына түскен осы жігіт пе?» деп ойлады ішінен, сөйтсе де жамандыққа жаны қас адал жан—«қартаяйын деген екенмін!» деп күмәнді ойын кейін қуды. І.Ес. ~ Сол сәт қатты қобалжи бастағанын сезген ол дереу күмәнді ойларды әлдеқайда сырып тастауға тырысқан. Бәлкім, уақыт өте келе жаппай қырып жоятын қару қажет те болмас. С.Баяз.
