Posted in

КҮН ЖЕДІ

Күннің табы өтіп, өңі тотықты. ~ Бала неме насаттанып, әкесiнiң өңiне де барлай қарады. Жел қағып, күн жеп тотыққан жүзi сәл басқаша реңге енiп, қызықты көрiнiске бiржола берiлген екен. Ә.Ыб. ~ Сағидың ауылдан жаңа келген “жабайы” кезі. Күн жеген, беті торлама қауындай жарылған, сеп–семіз, мәйекті қарадомалақ бала. М.Қаб.

  1. Күнге күйіп, түсі оңды. ~ Онсыз да қапырық шатырдың іші түсте тіпті ысып кетті. Күн жеп тастаған кенептің күңірек иісі қолқаны атып барады. Ә.Кек. ~ Тек патшаның қызы Қаракөз ғана қыршын жасқа қабырғасы қайыса мұңайып, ақ жүзі күн жеген шүберектей қуарып, көзінің жасын ішке жұтқандай күйде еді. А.Сей.