Posted in

КҮН ҚҰЛАҚТАНДЫ

Күннің айналасы қызыл күрең түске бөленіп, мұнартты; әдетте ауа райының бұзылатының белгісі саналады. * Кейде күн ербиген екі құлағымен тұрады. – Құлақтануы жаман, тағы бір боран болмай қайтер дейсің, – деп қарт əкем күшеніп кейіп қояды. Ж.Айм. * Жер сіреу қар. Жылымық болса жаңбыр жауды. Жер көк сең, малдың аяғын қызыл жосын қылып, қиып тастады. Күн құлақтанып, шаңытқан ақ пердеге жасырынып, жаңа түскен келіндей ақ дидарын көрсетпеді. Ж.Айм. * Шай үстінде енесі кешегі томаға-тұйық мінезінің қаруын қайтарғысы келді ме: «Алып отыр, қарағым, күн құлақтанып тұр, тоңып қаларсың, ысытқан сорпадан іш»,— деп, еселеп құйып, бауырсақ, қантты алдына ысырып, хошын білдірді. М.Қаб. ~ Күн құлақтанған күйі батып барады, көлеңке басы ұзарған сайын ала шұбарланып жатқан құмның іші бірте-бірте күңгірттеніп келеді. Ә.Әб.