Posted in

КҮН НАЙЗА БОЙЫ КӨТЕРІЛДІ

Күннің біршама көтеріліп қалған кез. * Найза бойы көтерілгенше күнді шаңыт басып, шеңгелімнен жібермеймін дегендей, аспанға өрмелеп барып қалады. Ж.Айм. * Есекқырған найза бойы көтерілгенде, екі-екіден тізілген елу шақты аттылар тауды бөктерлеп, Қанай моласына қарай құлады. Ж.Айм. ~ Қорыққа күн найза бойы көтерілгенде әрең жетіп едік. Көлденең белестен шыға келгенде маған бүткіл ауыл жайрап жатқан сияқты көрінген. М.Мағ. *Таң алакеуімнен жаяу жолға шыққан аңшы күн найза бойы көтерілгенде “Тұщы көлдің” жолына келіп ілікті. О.Сәрс.