Күн жоғары көтеріліп қалған кез; күн арқан бойы көтерілді. ~ Түнде бір құдықтың басында ат шалдырған жаушылар, таң атқалы сар желіс, соқтырып келе жатқан. Күн сәскелікке көтерілді. Салтанатты төртеу де аяңға түсті. З.Шүк. ~ Оспан мен Қанипа бүгін ұйқысынан кеш тұрған. Жуынып, таранып, таңертеңгі астарын ішкенше күн сәскелікке көтеріліп қалып еді. С.Ом. ~ Қоңыр айғыр да, Кішкенеде жоқ. Күн сәскелікке көтеріліп, енді күдер үзе бастағанда, қырдан құмырсқадай қыбырлап, қалың жылқы құлайды. З.Шүк.
