Posted in

КҮН ТӘРТІБІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Алда жүзеге асырылуға тиіс мақсат деп танылды, талқыға салынды. ~ Асылы, бала- болашақ, ұрпақ мүддесі қай кезеңде де күн тәртібіне өткір қойылған. Бұл тақырып бүгін өз мән- маңызын жойған да, төмендеткен де жоқ. Ж.Айм. ~ Сонымен бірге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тең дәрежелі құрылтайшысы болайық деген ұсыныс та күн тәртібіне қойылды. С.Досан. ~ Қалай болғанда да, күн тәртібіне жиі қойылып отырған қазақ тіліндегі термин мәселесіне байланысты көзқарастардың, бірыңғай болмай, әр түрлі болуы, сан саққа жүгіртілуі өкінішті-ақ, әрине. Ә.Қайд.