Posted in

КҮНДЕЙ КҮРКІРЕДІ

Ашу шақырды; айбаттанды. ~ Қанды бүлік барымтаға бара жатқандарыңның күндей күркіреп жар салары және сол. Ә.Кек. ~ Жолбарыс күндей күркіреп басты: –Мына малғұн не деп тұр? Құрт көзін шапшаң! – Қасқырға бажырая қарады. С.Ом. ~ Тауманның құйқа тамырлары шымырлап кетті. “Жан жолдасым күреңім, қос қанатым!” деп күндей күркіреген жас батырдың даусынан аспан асты жаңғырықты. С.Дос.