Posted in

КҮНДІК ТАРТТЫ

Қайғырды, құса болды, мұңайды, көңіліне қаяу түсті. * Бұл оның бұрын мінезінде болмайтын жай. Көзінің еті домбыққан, қабағы түсіңкі. Күндік тартқанын маған байқатпауға тырысады. Б.Қыд. ~ Аяғың, қолың бос, бірақ діліңде зәнжір, мойнында күнде, аяғыңда кісен. Басыңа кезге көрінбейтін бұғау түскен. Ол сенің күлкіңді де, қартамыс ақылыңды да алған. Сондықтан, інім, мәлел, көңілсіздік билеп көптен күле алмай жүр едім, ол көңілсіздіктен ұзақ-ұзақ даққа қалар едім, одан бойыма дімкәстік түсер еді, күндік тартар едім. Б.Қыд. ~ Совет өкіметіне сен сияқты кермек татитындар дос емес, сен оны жұртқа әдейі құбыжық етіп көрсеткің келеді. Саған жұрттың азар көріп, күндік тартып жүргені керек. Б.Қыд. ~ Мұны, інім, мен өзіме ешқашан кеше алмаймын. Інім, орыста «әйел алғашқы күйеуімен, еркек соңғы әйелімен тұрады» деген мәтел бар. Рас та шығар. Бірақ Ұлтуған есіме түскенде бүкіл дүниені әлі де тәрік етемін. Үнемі оны ойлап күндік тартып, қайғыланып жүремін. Б.Қыд. ~ Өкінсе сары уәйімге түсіп, оның арты созылмалы ауруға айналады, егер бекінсе шыныға, ширыға түседі. Шал осылай бір сәт күндік тартқанымен, артынан тез ашылған тау күніндей жадырай қалып, мамыражай қалыпқа келеді. Б.Қыд. ~ Ал екінші ұғым «табанынан сауып отыр» деген де осы ақ жүзі сары, жас басы кәрі болған, күндік тартып кімдік-науқас болған заманда қалыптасқан. Б.Қыд. ~ Артында қырық жыл тұрған Қараөткел Қорғалжын, әсіресе емшектес, тай-құлындай тебіскен үш күн көрмесе өбіскен туысқандары қалғандығын енді оларға кездеспейміз-ау деген арман-тілегін айтып қабаржыды, күндік тартты. Б.Қыд. ~ Адам жанының жарықшақтануын жүзінен, жүрімінен танитын сұңғыла ер менің бөтен елге келген құрымсақтай қорғалап зәһар жұтып, ғамкүн болып отырғанымды бірден аңғарды. — Әбеке, күндік тартамын деп кімдік тартарсыз, қабаржымаңыз. Жоқ жомарттың қолын байлайды демеп пе еді, аталарыңыз. Б.Қыд.