Posted in

КҮНІМДІ САЛМАСЫН

Біреуге жалынышты болғаннан, қас-қабағына қарап қалудан сақтасын д.м. * Білетін түгі де жоқ! – деп Әлімхан торсиып отыр. – Білетін түгі де жоқ!.. Соған күнімді салмасын. Онсыз да елден естіген өсек-аяңым жеткілікті. Сүйекке таңба боп…. Осы жұрт бетіне қараудан қалдық қой түге!.. Қ.Ысқ. * Тек тәңіріңді танымай «мынау жаман бақташы кім өзі? Неменеге жұтынады? демесең болар. Жә, тымырайма! Ойнап айтам… Саған күнімді салмасын. Жаман бақташы ма екем? Құдайға шүкір, ел сыйлар азаматпыз әлі. М.Сүнд.