Сырттай ғайбаттау, өсек сөз. ~ «Жалпы қазақ танымайтын, білмейтін функционерді біз қалай сайлаймыз?» – деген күңкіл сөздерді де құлағы шалған. Б.Тоғ. ~ Өзіне анау айтқандай құлақ салып тұрмасам да керек, себебі, қасапхана өртене жаздаған ақпан айынан кейінгі көп талқылау, жиналыс, қатқыл үн естісем болды, жүректі кілкітіп, айнытатын тамаша жағдайға жеткізген. Мамам, мектептегі педсовет, көршілердің күңкіл сөзі…. М.Қаб. ~ Балкашин мұндайды күтпесе керек, не айтарын білмей шарасыздық танытып, басын шайқады. Осыны көрген Маншың төрелері күңкіл– күңкіл сөз шығара бастаған. Қ.Жұм.
