Сыртынан өсек қылды. ~ Мұндай күйге сенімдірек болып тұратын әйелдер әуелгі жерден– ақ күңкіл шығарып, тысқа шыққанда біріне– бірі сыбырлап күлісе бастады. М.Әу. ~ Мұның алдында «песір», болыстар шет пұшпақтап «іспескі» жазып жүр дегенді жұрт күңкіл қылатын. Әлгі жиналыстан қайтып келіп өзіміздің «песірдің» қолындағы «кінағаны» тартып алып, жыртып тастадым. І.Жан. ~ Жас келіннің мінезіндегі мұншалық еркіндік ел ішінде күңкіл де туғызды. «Әдепті білмейтін, тәрбие көрмеген» деген сөздер де айтыла бастады. Б.Мом.
КҮҢКІЛ ШЫҚТЫ (ТУДЫ)
Сырттай ғайбаттау өріс алды. ~ Ақыры мұғалімдік қызметке қыстырылған болып еді, ойбай, кешегі «жауды» жастардың тәрбиесіне жолатуға болмайды деген күңкіл шықты. Қ.Ысқ. ~ «Қарағандыға кетейік, біздің ағайындар сонда жүр ғой», – деп күңкіл шығара бастады әке-шешем, олардың не өлі, не тірі екеніне көздері жетпесе де. Б.Тоғ. ~ Азық–түліктен ада бола бастаған әскердің арасында «осы соғыс кімге керек?» деген күңкіл де туа бастады. І.Ес.
