Posted in

КҮПТІ БОЛДЫ

Ауыр ойға берілді, уайымға салынды, көңілі бұзылды.
~ Көңіл шырқы бұзылып, әрқайсы өз ойына күпті боп, дауыл басылғанша біріне-бірі тіл қатпай, ұрысқан адамдай отыра берді. З.Шаш. ~ Академик Вергинский сөзінде тұрған. Осы жақында өткен сайлауға Күнтуарды академияның мүшелігіне ұсындырған. Күнтуар босқа күпті болған екен, қарт ғалымның еңбегімен жұрт көптен таныстықтан сайлауда бір дауыстан өткен. І.Ес.

  1. Бойын мақтан кернеді, көңіліне жел бітті. ~ Қозыкөш жерге шапқаны мен аз нәпақа тапқанына күпті боп аптығы басылар. Р.Отар.
  2. Майлы тамақтан немесе асты тым көп ішкеннен, асқазаны ауырып, тамаққа қарай алмай қалды.
    ~ Қарын жұмыс істеуге жарамаған соң, ішіміз бұзылады, ауырамыз. Өте көп жеп жіберсе, кісі күпті болып, жаман ауырады. Тіпті өліп те кетеді. А.Байт. ~ Қанипа жым болды. Шайды самарқау ұрттап, жұқалап сары май жаққан бір тілім қара нанды әрең тауысты. Күпті болып қалғандай тамаққа тәбеті шабатын емес тіпті. С.Омар.