Posted in

КҮРЕК ТІСІН АҚСИТТЫ (КӨРСЕТТІ, ЖАЛТЫРАТТЫ)

Ыржиып күлді. ~ Қанат жылдам басып шығып бара жатып артына бір қайрылып үй иесіне қарап еді, әдемі жас әйел күрек тісін ақситып күлім қағып тұр екен. Ғ.Сл. ~ Сәрсен жанбастай жатқан, еңсесін көтеріп алды. Төңірегіне самарқаулана қарап отыр. Шылым мен майлы тағам нан сарғыш тартқан күрек тісін көрсете мән– мағынасыз маған ыржиып қойды. М.Сүн. ~ Менің езуіме от қыстырмаған кезім бар ма, баспалдақ үстінде темекі шегіп отыр едім, Сейдін ағамыз әдетінше күрек тісін жалтыратып маған қарап езу тартты да Тельманға бұрылып: ─ Жоқ, жорғаға сен мінесің, – деді. Қ.Ысқ.