Posted in

КҮРТ ТҮСТІ

Бірден қамығып, жүні жығылды, жүнжіп кетті. ~ Қызыңның көргенділігін көршіңнен сұра деген сол. Жылайсың – шыдайсың”. Қожа бір– ақ күнде күрт түсіп, жүні жығылып жүдеп кетті. О.Бөк. ~ Ғұмыры тарлық, жоқтық көрмеген шешем әкем кеткен соң күрт түсті кетті. Қарыс жер — мұң, қағылмаған шеге — қайғы дегеннің бәрі келді. К.Қаз. ~ Әсіресе, анасы күйзеліп жүрген шығар. Жақсы тұрмысқа үйреніп кеткен де жаман-ау, ортайғанда күрт түсіп кету оп-оңай. Сондай халге душар болмаса жарар еді. К.Қаз. ~ Бұған келгенде Ешен– Сейіт тез мойындап, күрт түсіп қалды. Қысылғаны болар, ақсары, сұлу жүзі қызарып кетті. Қ.Жұм.