Posted in

КҮСТІ АЛАҚАН

Ауыр еңбектен күстенген қол. * Айтқанын істете алмаған Курагин оң жақ алақанымен Шыңғысты құлақ-шекеден бар пәрменімен тартып кеп жіберді. Оның күсті алақанының жалпақтығы түйенің табанындай да, саусақтары жас баланың білегіндей еді. С.Мұқ. * Желмен толқыған бұйра боздың үстіне талай аунады. Сол боздың әрі майда, әрі күсті алақанының ізін қазір де жанымен сезгендей болады. Т.Ахт. * Тұлабойы тырысып, қайта көсіле берген Көбеннің аузынан: “Аһ, дүние-ай” деген ышқынған үн шықты да, сақылдаған сары аязда жалаң қол жүретін жылқышының бүркіттің уысындай күсті алақаны дірілдеп барып, жұмырығы, қарысып қалды. С.Жүн. * Тот басқан темір іспеттес күсті алақаныма қыздың қолы емес, ұстай бер-генде ұша жөнелген торғай қанатының ұшы тигендей болды. Ә.Нұрш.