Posted in

КҮШІК КҮЙЕУ

Алған әйелінің босағасында, қайын жұртымен аралас-құралас тұрып, соларға бағынышты болған ер адам. ~ Сүйіп қосылды ма, сүйеу болсын деп күні үшін қосылды ма, біреудің босағасында күшік – күйеу болып жүріп, меншікті баспанаға енді ғана қолы жетіп, кебек араласпаған ақ дәмге енді ғана ерні тигенде… Қ.Ысқ. * Ботпай әуелде қызды еркіне тезірек көндіру ү. ін көп ойланбай келешекте осылай “күшік күйеу” атануға уәде берген еді. О.Сәрс. ~ Болашағыңыз бар. Қалам ақы, атақ… Және де күшік күйеусіз, жұмса жұдырығында, ашса алақанындасыз. Пәтер менің атымда. М.Қаб.