Posted in

ҚАБАҒЫ АШЫЛДЫ

Жаны жадырады. ~ Сиыры суалып, ешкі сүтіне қамалған үйлердің қабағы ашылып, қара жыртындыға қарап: «О, жасаған, бізді де жылата бермей, бір жарылқайтын күнің болсайшы, бар нұрыңды төге көр, тәңірім» деп аспанға қарап жалбарынады. С.Жүн. ~ Еркек- термен тең түсіп сыңғытқанда, отағасы да, өзі де мәз-тін. Күніне екі-үш үстепке өңешінен өтпесе, қабағы ашылмай тұлан тұтып жүргені. Ө.Кәр.