Мейірленді, жүзінде жылу пайда болды. ~ Сонда барып Қотыр батырдың қабағы жылиды. Ә.Кек. ~ Мына сөзді естіген Шұғайыптың терісі кеңіп, қабағы жылыды. Д.Дос. ~ Ақылшы айтқан қағиданы алдына компас қып ұстаған Тайтұяқтың ұзамай көші түзелді. Бастығының қабағы жылыды, ызғары бәсеңдеді. Д.Дос.
