Ренішті, жабырқаңқы, ұнжырғасы түскен. * Қолын айқастырып арқасына салып, есік алдына шықты. Қабағы кірбің. М.Қаб.
~ Бурыл, сұйық шашын желкесіне түйген, үстінде желбегей кеудеше, аяғында жайпақ табанды жұпыны бәтеңке, қоңыр шұлық, қабағы кірбің, бірақ көзі отты мосқал әйелдің алдына Дерягин бұрын жеткен. Жолын кес-кестеп тұра қалды. С.Жүн.
~ Менің үздік оқуымның өзінен қауіптенер еді, тіл-көз тиеді, деп. Енді қуанбағаны тұрыпты, қабағы кірбең. М.Мағ.
ҚАБАҒЫНДА КІРБІҢ БАР
Жүзінде әлдебір мұңның табы бар. ~ Бір жерің ауырып отырған жоқ па, құлыным? Қабағыңда кірбің бар ғой,— деді апам жүзіме үңіле. М.Сүн. ~ Тек жаңа мұғалімнің түсі қарауытыңқырап, қабағына кірбің тұрып қалғандай сезілді. Ш.Мұр. ~ Үндеме, бәйбіше, ұлыңның тек маңдайы жарқырап тұр. Қабағында аздап кірбің бар секілді. Бірақ ақыры қайыр. Ақыры қайыр болған соң болды емес пе, бәйбіше, а? Т.Әбд. ~ Балжанға қарасам, қабағында кірбің бар, әлденеге абыржығаны білінеді. Б.Тоғ. ~ Тап осы тұста андып тұрғандай әлгі жігітім: — Әйелі сұлу екен. Көзің де тояды, көңілің де толады. Бірақ қабағында бір кірбің бар. Бізге білгізбеген болды. К.Қаз. ~ Реніші мен кейістігін сыртқа шығара қоймайтын Нұрбикенің қабағында кірбің, даусында зіл барын аңдаған Ахтан оған ұрлана қарады. Ө.Кәр.
