Жақтырмаған, ашулы кейіп танытты. ~ Сағаттың әшейінде ойнақшып күлімдеп тұратын көздері уытын шаша, қадала қарайды. Түн қатқандай қанталап қабағы кіртиіп кетіпті. Ғ.Сл. ~ Айғанша шіркін әйелдігіне бағып, әлі де қызғаныш танытады. Хабар– ошарын білейін деп Бектемірдің от басына бас сұқсаң, қабағы кіртиіп, тыржыңдап қалады байғұс. С.См.
- Қатты шаршады, жүдеу тартты. ~ Ту, сен келгенше өліп қала жаздадым ғой, — деді шынын жасырмай, бірақ түнімен ұйқы көрмей қабағы кіртиіп, боп – боз болып кеткен Жаннаттың түрін көріп шошып кетті, — ауырып қалғаннан амансың ба? І.Ес. ~ Апам сағы сынғандай тұнжырап, қабағы кіртиіп, бет– аузының әжімдері көбейіп мүлде аянышты боп кетті. С.Мұр. ~ Сөмкесін Ойнаров көтеріп, өзі ілби басып, қабағы кіртиіп, кластан әрең шығып еді. М.Қаб.
